Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысында мұнай өндіру саласының жұмысымен танысты

02 ақпан, 2019, 11:10 2708
Мәжіліс депутаттары Маңғыстау облысында мұнай өндіру саласының жұмысымен танысты

Депутаттар әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы Жолдаудың басым бағыттарына назар аударды.

Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері Зәуреш Аманжолова, Уәлихан Қайназаров, Бақытбек Смағұл, Шавхат Өтемісов пен Геннадий Шиповских Түпқараған ауданына барды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі. Мәжілісмендер С. Шапагатова кентінде "Kazakhstan Caspian Offshore Industries" ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті.

Жұмыс ұжымымен жүздесу барысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ауыл тұрғындарымен кездесуде биылғы Елбасының Жолдауы туралы айтылды.

Мәжіліс депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы Жолдаудың басым бағыттарына назар аударды. Олар зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің болуы және тұтастай алғанда азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Кездесуде көтерілген өзекті мәселелерді депутаттар бақылауына алды. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Маңғыстау облысы #Нұрсұлтан Назарбаев #мемлекеттік қызмет #Жолдау

Читайте также

Похожие новости