Мәжіліс депутаттары мектептегі кәсіби бағдар беру бағытымен танысты

8 Февраля, 2019, 17:43 37514
Мәжіліс депутаттары мектептегі кәсіби бағдар беру бағытымен танысты |  | BNews.kz

Кездесу барысында Шортанды аудандық жастар ресурс орталығының жұмысы да таныстырылды.

Мәжіліс депутаттары, "Нұр Отан" фракциясының мүшелері Жексенбай Дүйсебаев, Жәмилә Нұрманбетова, Айгүл Нұркина және Айзада Құрманова Ақмола облысының Шортанды ауданына барып, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылым өндірістік орталығының жұмысымен танысып, жастармен кездесті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі. 

Кездесуге Шортанды ауданындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, кәсіптік бағдар беру мәселелерін талқылады. Жастар мен жиналған ұжым алдында сөз сөйлеген депутат Жәмила Нұрманбетова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Жастар жылы" шеңберіндегі ауқымды бастамаларын іске асыруда елдің табысты дамуындағы жастардың маңызды рөлін атап өтті.

"Біз орталығымызда жас ғалымдар мен қызметкерлерге көп көңіл бөлеміз. Оларға көп үміт артып, зертхана меңгерушісі сияқты қызметтерге шығарып жатырмыз. Қазіргі кезде біздің жас ғалымдар Израиль, Дания және алыс-жақын шетелде білімін жетілдіріп, кәсібилігін шыңдап жатыр", - деді, А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылым өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.

Бүгінгі таңда А. Бараев орталығында жас ғылыми кадрларды тарту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Мәселен, орталыққа 30-ға жуық маман қажет болса, оның басым көпшілігіне жастарды тарту жоспарланған. Сонымен қатар, кездесу барысында аудандық жастар ресурсы орталығының жұмысы мен Полигонды басқару орталығының жұмысы талқыланды. 

olshem.kz
Новости партнеров
Loading...

Похожие новости