Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты заң жобаларын мақұлдады

19 желтоқсан, 2018, 18:03 1714
Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты заң жобаларын мақұлдады

Заңнамалық құжатты талқылау барысында ЕАЭО шеңберінде тауарларды таңбалауды енгізу мәселелері қаралды.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Заңнамалық құжатты талқылау барысында ЕАЭО шеңберінде тауарларды таңбалауды енгізу мәселелері қаралды. Өз кезегінде, Палата Спикері Нұрлан Нығматулин бүгінде барлық дамыған елдер дәрілік заттарды таңбалайтынын, халық дәріханалар мен ауруханаларда жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді қолданатынына сенімді болу керектігіне назар аударды. Әсіресе, таңбалау барысында дәрі-дәрмек бағасының қымбаттамауына әсерін тигізбеуі керектігіне тоқталды. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ЕАЭО-ға Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа өзгерістерді мақұлдады. Жалпы отырыста депутаттардың талқылау барысында айтылғанындай соңғы жылдары Қазақстан басқа мемлекеттерден келген импорттық кедендік баждардан түскен түсімдердің артуы байқалатынын айтты.

Отырыс барысында Мәжіліс "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжат мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау тетігін өзгертуге, қорғаныс өнеркәсібін дамытуға, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымды дамытуға, мемлекеттік органдардың және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қызметін үйлестіруге, қару-жарақ пен әскери техника айналымын реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, осы заң жобасына депутаттар тарапынан бірқатар түзетулер енгізілді.

Отырыста мәжілісмендер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Мәжіліс депуттары #заң жобасы

Читайте также

Похожие новости