Мәжіліс төрағасы Марокко Корольдігінің елшісін қабылдады

16 сәуір, 2018, 15:10 2247 Астана
Мәжіліс төрағасы Марокко Корольдігінің елшісін қабылдады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абделжалил Саубриді қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz. Парламент мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәжіліс төрағасы Марокко Қазақстанның Солтүстік Африкадағы маңызды әріптесі екенін айтты.

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз арасындағы байланыс сындарлы дамып келеді. Мәжіліс Спикерінің пікірінше, БҰҰ, ИЫҰ, Африка Одағы ұйымдары деңгейінде халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымы өте жақын.

Осы ретте Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қақтығыстарды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға баса назар аударатындығының маңыздылығына тоқталды. Одан әрі кездесу иелері сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестік жайын талқылады.

Нығматулиннің айтуынша біздің елдеріміз арасында көлік-логистика саласын пайдаланудың әлеуеті зор. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында өзара іс-қимылды тереңдетудің мүмкіндігі мол. Сонымен бірге, машина жасау, ауылшаруашылығы, "жасыл энергетика" салаларында ынтымақтастықты күшейту басым бағыттардың бірі болып табылады.

Өз кезегінде Абделжалил Саубри біздің елдеріміз арасындағы саяси әрі дипломатиялық қатынастың өте жоғары деңгейде екенін және Марокко өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ынталы екенін жеткізді. Тараптар парламентаралық байланыс жайын сөз еткенде ынтымақтастық жөніндегі топ, сондай-ақ, бейінді комитеттер төңірегінде әріптестік Қазақстан мен Марокко арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға зор ықпал ететінін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар