Мәжіліс төрағасы Нығматулин Италия Парламенті өкілімен кездесті

27 қараша, 2018, 17:03 1666 Астана
Мәжіліс төрағасы Нығматулин Италия Парламенті өкілімен кездесті

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады. 

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада өткен "Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік пен бейбітшілік орталығы" халықаралық конференциясына келген Италия Республикасы Парламентінің депутаттар Палатасы төрағасының орынбасары Этторе Розатомен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.  

Кездесу барысында Мәжіліс спикері Елбасының ғаламдық маңызды қадамдары жайлы баяндай келіп, Қазақстан Италияның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі ретінде қарап, екі ел арасындағы байланысты дамытуға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде мемлекеттер арасында қарқынды саяси диалог орнап, экономикалық байланыстар тереңдеп, өзара іс-қимыл жан-жақты белсенді дамып келеді.     

Соның ішінде, парламентаралық әріптестік елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуде маңызды рөл атқаратынын алға тартқан Палата Спикері екі елдің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде, Этторе Розато, Италия біздің елімізбен ықпалдастықты күшейтуге зор мән беретінін айта келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы бастамаларының арқасында Қазақстан мемлекеті халықтар арасында бейбітшілік пен келісім идеяларын таратуда ерекше орын алатынын атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар