Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция ұйымдастырады

23 қараша, 2018, 15:14 3138 Астана
Мәжіліс Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция ұйымдастырады

Тақырыбы - "Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы".

26 қарашада Астанада Мәжілістің бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық парламенттік конференция өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Конференция тақырыбы - "Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы".

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын конференция барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын, ең алдымен, мемлекеттердің өзара іс-қимылын және ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламенті басшыларының сөз сөйлеуі қарастырылуда.

Сондай-ақ, форум жұмысына Германия, Үндістан, Қытай, Швеция және басқа да елдерден сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Конференцияның күн тәртібі екі панельдік сессияға бөлінеді. Олар: "Астана векторы: сенімділік, қауіпсіздік және ынтымақтастық", "Қазақстанның жаһандық бастамалары: бейбітшілік пен келісім идеяларын алға жылжыту".

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар