Мәжіліске Словакия елшісі келді - Жаңалықтар | BNews

Мәжіліске Словакия елшісі келді

15 ақпан, 16:01 993 Астана
Мәжіліске Словакия елшісі келді

Бүгін Мәжіліске Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза келді, деп хабарлайды BNews.kz Parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Дипломаттарды Мәжіліс депутаттары Анар Жаилғанова, Меруерт Қазбекова және Василий Олейник қабылдады.

Депутаттар елші Петер Юзаға Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты елімізде атқарған жұмысы үшін алғыстарын білдірді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толғанын, осы уақыт аралығында қос ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстың маңыздылығына, оның ішінде, парламентаралық байланыстардың нығайғанына тоқталды.

Сонымен қатар Словакия елінің Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезіндегі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберіндегі жұмыстарында қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Словакияда оқитын қазақстандық студенттер санының артып келе жатқанын және "Болашақ" бағдарламасы мен келісім-шарт арқылы елдер арасындағы университеттердің тікелей байланысына назар аударды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары