Мәжілісмендер аймақтарда цифрландыру мәселелеріне назар аударды

17 шілде, 2018, 10:17 1944 Алматы
Мәжілісмендер аймақтарда цифрландыру мәселелеріне назар аударды

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында қазақстандықтар үшін өзекті болып табылатын ауқымды мәселелерге назар аударылуда.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары, "Нұр Отан" ХДП фракциясының мүшелері Абай Тасболатов пен Ольга Шишигина Алматыдағы Оқушылар сарайында партиялық жобаның аясында ұйымдастырылған IТ-класқа барды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Мұнда 30 бала екі айдан бері робототехника, 3D модельдеу және дизайн бойынша дайындықтан өтуде.

Балалардың оқу барысында үйренген бағдарламалау жобалары модельдерді өз бетінше жинауға мүмкіндік береді.

Осы ретте, Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов балалардың дамыған бағдарламаларға ынталы екендігіне өте қуанышты екенін жеткізді.

"Балалардың дамыған бағдарламаларға шынымен ынталы екендігіне өте қуаныштымын, еліміздегі 1000 сабақ, яғни жарты миллионға жуық жас жаңа бағыттар бойынша білім алуда, бұл болашақта талап етілетін мамандықтар бойынша жоғары сапалы мамандарды ала аламыз деген сөз", - деді Абай Тасболатов.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу керектігін атап өткен болатын.

"Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Оқушылар сарайында 12-17 жас аралығындағы оқушылар өздерінің кәсіпкерлік және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуда.

Мұнда балалардың қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйренуге, көшбасшылық қасиеттерді анықтауға, сондай-ақ идеяларды іс жүзінде іске асыру тәжірибесіне ие болуға көмектеседі.

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Дания Еспаева Ақтөбе облысындағы сапары барысында "Эко Экспресс Актобе" ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Бұл көпсалалы өндірістік кәсіпорын 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді және мұнай-газ өнеркәсібіндегі өндірістік нысандарды жобалаудан бастап техникалық қайта жабдықтауға дейінгі жұмыстардың толық спектрін орындайды.

Кездесу барысында Дания Еспаева Президенттің бес әлеуметтік бастамасын, Мәжілістің жұмысы мен "Ақ жол" фракциясының қызметін іске асыру тетіктері туралы әңгімеледі.

"Ақ жол" фракциясы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап осы жылдың маусымына дейін үшінші сессиясы аралығында, 65 депутаттық сауал жарияланып, қаралған заң жобаларына шамамен 1000-ға жуық түзетулер жіберілді", - деді Дания Еспаева.

Сондай-ақ, депутат жергілікті жер қойнауын пайдалану туралы тұрғындар тарапынан жергілікті жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауына бағытталған отандық өндірушілерді қолдау туралы заң жобасына бірқатар өзгертулер енгізілгенін де айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: