Мәжілісте Орал Мұхамеджановты еске алды

Написать нам
05 қараша, 2018, 14:39 2332 Астана
Мәжілісте Орал Мұхамеджановты еске алды

Мәжіліс депутаты және Палата төрағасы ретінде ол қазақстандық парламентаризмнің дамуына елеулі үлес қосқан.

Бүгін Мәжілісте белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, III-V шақырылым Мәжіліс депутаты, III және IV шақырылым Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановты еске алуға арналған конференция өтті, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал Мұхамеджановтың туғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және Орал Мұхамеджановтың отбасы, туған-туыстары және жақындары қатысты.

"Орал Байғонысұлының өзінің қызметін туған жері - Қостанай облысынан бастап, өмірінің соңына дейін елім деп, жерім деп еңбек етті. Қазақстанымыз егемендік алған бірінші күннен бастап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қасында болып, әрқашанда Президентіміздің саясатын қолдап, еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан азамат еді. Елбасымыздың барлық бастамаларына белсене араласып, қай жерде, қандай қызмет атқарса да, іскерлігімен, жауапкершілігімен адамгершілік және парасаттылық қасиеттерімен танылды. Әрқашанда абыройы жоғары, беделі биік болды", - деді  конференцияны ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Орал Байғонысұлының жан-жақты қабілеті зор, мақсатқа берік, қызметке адал болғанын алға тартқан Мәжіліс Төрағасы оның есімі еліміз тарихында, соның ішінде Мәжілістің тарихында мәңгілік сақталатынын айтты. Одан әрі, Орал Мұхамеджановпен бірге жұмыс істеген әріптестері мен достарының естеліктері, өмірінің жарқын сәттерін бейнелейтін көптеген фотосуреттер оның жоғары адамгершілік және кәсіби қасиеттерін еске салды.

Орал Мұхамеджанов өмірінің маңызды бөлігін мемлекеттік қызметке арнады. Көптеген мәселелерді шешуге келгенде ол өзінің шынайы патриоттылығы мен жоғары азаматтық көзқарасын танытты. Еңбек жолын Қостанай облысында бастаған Орал Мұхамеджанов Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Мәжіліс депутаты және Палата төрағасы ретінде ол қазақстандық парламентаризмнің дамуына елеулі үлес қосып, тиімді заң шығарушылық қызметінің нәтижесінде еліміздің тұрақты дамуының берік негізін қалаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар