Мәжілісте ратификациялық заң жобалары мақұлданды - Жаңалықтар | BNews

Мәжілісте ратификациялық заң жобалары мақұлданды

07 ақпан, 17:22 878 Астана
Мәжілісте ратификациялық заң жобалары мақұлданды

Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен жалпы отырыста бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды.

Атап айтсақ, "Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған заң жобасы бойынша Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасап, қосымша баяндамашы депутат Жанат Жарасов негізгі Конвенцияға қаралып отырған Хаттамамен енгізілетін өзгерістер Халықаралық теңіз ұйымы шеңберінде теңіз кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзара ынтымақтастықты одан әрі үйлестіруге ықпал ететінін және тікелей халықаралық терроризмге қарсы бағытталғанын айтты.

XXI ғасырдың басынан бері халықаралық терроризм кез-келген мемлекет үшін ерекше алаңдататын, ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін мәселеге айналды. Сол жылдары теңіз кемелеріне террористік шабуылдардың жиілеп кетуіне байланысты осы Хаттамаға қол қойылған.

"Қазіргі кезде Қазақстанның теңіз арқылы жүргізілетін сауда-экономикалық қатынастарының дамуы жағдайында осы құжатқа қосылғанымыз өте маңызды", - деді депутат Жанат Жарасов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары