Мәжілісте сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері қаралады - Жаңалықтар | BNews

Мәжілісте сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері қаралады

23 ақпан, 15:24 1251 Астана
Мәжілісте сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері қаралады

Мәжілісмендер сонымен бірге, меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайтын болады.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелеріне қатысты, сонымен бірге, меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайтын болады.

Алғашқысы жеке тұлғалардың сақтандыру қызметтерін жеткізушілерге деген сенімін арттыруда ықпал ететін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетігін құруды, ал екіншісі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету сияқты меншік құқықтарын қорғауды күшейту, дауды реттеудің баламалы тәсілі ретінде төрелік саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру сынды басқа да мақсаттарды көздейді.

Осы күні Палата депутаттары 1992 жылғы 6 шілдедегі ТМД экономикалық сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары