Медицинадағы мемлекеттік қызметтер біртіндеп ақылы түрге ауысып жатыр – Тоқаев

06 сәуір, 2018, 11:57 3225 Астана
Медицинадағы мемлекеттік қызметтер біртіндеп ақылы түрге ауысып жатыр – Тоқаев

Сенат төрағасының ойынша, тек бюджет арқылы ғана қаржыландырылатын медициналық тегін көмектің міндетті минимумын қабылдау қажет.

Медицинадағы мемлекеттік қызметтер біртіндеп ақылы түрге ауысып жатқаны туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік тыңдалым барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақылы түрде көрсетілетін медициналық көмек пен кепілдендірілген көлем арасында нақты жіктеудің болмауынан, тұрғындардың қызмет ақысын бейресми түрде төлеуінің жоғарғы деңгейі сақталып тұр. 

"Президент медициналық көмек көрсету міндеттемелерін мемлекеттің міндетті түрде қайта қарап шығуы керектігіне жайдан-жай назар аударған жоқ. Мұндағы басты мәселе тегін көрсетілетін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін пайдалану үшін біршама ресми түрде құжаттар толтырылуы керек. Ақылы түрде көрсетілетін медициналық көмек пен кепілдендірілген көлем арасында нақты жіктеудің болмауынан, тұрғындардың қызмет ақысын бейресми түрде төлеуінің жоғарғы деңгейі сақталып тұр. Басқаша айтар болсақ, медицинадағы мемлекеттік қызметтер біртіндеп ақылы түрге ауысып жатыр", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соған байланысты Сенат төрағасының ойынша, тек бюджет арқылы ғана қаржыландырылатын медициналық тегін көмектің міндетті минимумын қабылдау қажет.

"Адамдарға медициналық қызметтің қандай түрлері тегін көрсетілетіні және қай қызмет үшін олар қалталарынан төлейтіндері түсінікті болуы керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар