Медициналық сақтандыру қоры астаналық клиникаларға 77 млрд теңгеден астам қаржы төледі

18 Декабря, 2018, 18:14 2326
Медициналық сақтандыру қоры астаналық клиникаларға 77 млрд теңгеден астам қаржы төледі |  | BNews.kz

Төлемдердің көп үлесі стационарлық және стационарлықты алмастыратын көмекке жұмсалған.

2018 жылдың басынан бері Медициналық сақтандыру қоры елорданың мемлекеттік және жекеменшік жеткізушілеріне 77,1 млрд теңге төледі. Бұл 88,8 млрд теңгені құрайтын келісімшарттардың жалпы құнының 87%-ы, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінен.

"Төлемдердің көп үлесі стационарлық және стационарлықты алмастыратын көмек (25,6 млрд теңге), жоғары технологиялық медициналық қызмет (20,7 млрд теңге) және амбулаторлық-емханалық көмекке (10,4 млрд теңге) жұмсалған", - делінген хабарламада.

ӘМСҚ қалалық филиалының жеткізушілері – 85 медициналық ұйыммен амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, кеңес беру-диагностикалық көмек, жедел жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызмет және т қызмет түрлері бойынша 122 келісім орнатылды.

Жеткізушілердің ішінде 36 медициналық мекеме – мемлекеттік, 49-ы – жекеменшік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 жекеменшік жеткізушіге көп. Елорданың барлық жеткізушілерінің толық тізімін қордың fms.kz сайтында танысуға болады.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости