Медициналық сақтандыру қоры елордалық клиникаларға 62 млрд теңгеден астам қаржы төледі

11 қазан, 2018, 11:45 3324 Астана
Медициналық сақтандыру қоры елордалық клиникаларға 62 млрд теңгеден астам қаржы төледі

Қазіргі таңда қалалық филиалдың медициналық қызметтерді жеткізушілер тізімінде 82 мекеме бар.

Жыл басынан бері "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Астана қаласы бойынша филиалы медициналық мекемелерге тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 62,1 млрд теңге төледі. Бұл сома кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қызмет көрсету туралы жалпы құны 86,6 млрд теңгеге бекітілген келісімшарттар сомасының шамамен 72%-ын құрайды, деп хабарлайды BNews.kz "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қалалық филиалдың медициналық қызметтерді жеткізушілер тізімінде 82 мекеме бар, олармен стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультативті-диагностикалық көмек, жедел жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және тағы басқа қызмет түрлері бойынша 115 келісім шарт бекітілген. Жеткізушілер тізіміндегі 46 медициналық ұйым - жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда жекеменшік емханалардың саны тағы 10-ға артты. Ал үш жеке меншік медициналық ұйыммен келісімшарт бұзылды. Барлық қызмет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі. Астаналық жеткізушілердің толық тізімі Қордың fms.kz сайтында орналасқан.   

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, медициналық ұйымдарға ақы төлеу кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге, оның ішінде қызметкерлердің жалақысын төлеуге жеткілікті.

"Қор апта сайын стационарлық және стационаралмастырушы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың қызметтерінің сапасына электронды басқару жүйесі арқылы мониторинг жүргізеді. Айта кетерлігі, мониторинг жүргізу халық арасында сұранысқа ие медициналық қызмет түрін анықтауға да мүмкіндік береді", - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.  

Медициналық қызметтерді пайдаланушылар тарапынан жеткізушінің қызметіне немесе көрсетілген қызмет сапасына қатысты арыз түскен жағдайда, филиал қызметкерлері жоспардан тыс мониторинг өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру Қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері және үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар