Медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелеріне 5 жарым млрд теңге төледі

09 қазан, 2018, 12:57 1217 Астана
Медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелеріне 5 жарым млрд теңге төледі

Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті аясында бекітілген келісімшарт сомасының 70 пайызын құрайды.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2018 жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 549,8 млрд теңге төледі. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директорының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 8 қазанға дейін 549,8 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті аясында бекітілген келісімшарт сомасының 70 пайызын құрайды", - деді Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті аясында халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 785,8 млрд теңге.

"Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті", - деді Ботагөз Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, Қор бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 1379 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 627-сі – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 166-ға көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 120,2 млрд теңгені құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: