Медициналық сақтандыру қоры Алматыдағы клиникаларға 85 млрд теңге төледі

20 желтоқсан, 2018, 13:17 2526
Медициналық сақтандыру қоры Алматыдағы клиникаларға 85 млрд теңге төледі

Оның 24 млрд теңгесі стационарлық көмекке, 18 млрд теңгесі емханалық-амбулаторлық көмекке, қалған 15 млрд теңгеге жуығы жоғары технологиялы медициналық қызметтер үшін төленген.

Медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері халыққа тегін медициналық қызмет көрсеткен алматылық клиникаларға 85 млрд теңгеге жуық қаржы төледі. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, оның 24 млрд теңгесі стационарлық көмекке, 18 млрд теңгесі емханалық-амбулаторлық көмекке, қалған 15 млрд теңгеге жуығы жоғары технологиялы медициналық қызметтер үшін төленген.

Жалпы, Медициналық сақтандыру қоры оңтүстік астаналық 171 емдеу мекемесімен 99,5 млрд теңгеге келісімшарт бекіткен. Соның ішінде, мемлекеттік тапсырыстың 30 пайызға жуығы жеке меншік клиникаларға беріліп отыр.

"Жеке меншік клиникалар бізбен жұмыс істеуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Біздің ендігі міндетіміз – азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне мүмкіндік беріп, оң нәтижелерді сезінуіне толық жағдай жасау", - деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалы директоры.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2018 жылдың басынан бері Медициналық сақтандыру қоры Астананың мемлекеттік және жекеменшік жеткізушілеріне 77,1 млрд теңге төледі. Бұл 88,8 млрд теңгені құрайтын келісімшарттардың жалпы құнының 87%-ы. Төлемдердің көп үлесі стационарлық және стационарлықты алмастыратын көмекке жұмсалған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #медицина #сақтандыру

Читайте также

Похожие новости