Медициналық сақтандыру қорына алты миллионға жуық адамның атына жарна аударылды - Жаңалықтар | BNews

Медициналық сақтандыру қорына алты миллионға жуық адамның атына жарна аударылды

18 шілде, 12:16 1656 Астана
Медициналық сақтандыру қорына алты миллионға жуық адамның атына жарна аударылды

Қор табыс пен шығынды теңгерімді пайдалану принципі бойынша жұмыс істейді.

Сақтандыру жүйесі іске қосылғалы бері, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін 80,6 млрд теңге жарна түсті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір жыл толды. Өткен жылдың 1 шілдесі мен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта түскен жарнаның жалпы сомасы 80,6 млрд теңгеге жетті. Жарналар мен аударымдар барлығы 5 млн 952 мың адамның атына аударылған", - деді ол үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, қор табыс пен шығынды теңгерімді пайдалану принципі бойынша жұмыс істейді.

"Қазіргі таңда қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетінің операторы. Қазір республикалық бюджеттен аталған көмекке бөлінген қаражатты мемлекеттік тапсырыс алған медицина ұйымдары арасында бөліске салып отыр. Биыл ТМККК пакетіне 924 млрд теңге бөлінген", - деді Елена Бахмутова.

Осыған дейін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында өткізген есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша орталық коммуникациялар орталығы қызметіндегі брифингте министрліктің дені сау ұлтты қалыптастыруға жағдай жасайтыны туралы айтқан еді.

Брифинг барысында министр, сонымен қатар "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының жолдауын іске асыру бөлігіндегі негізгі міндеттердің орындалуына тоқталды. Мысалы, Министрлік қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту бойынша шаралар жоспарын әзірледі және бекітті, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің кепілдік берілген көлемінің тізбесі мен пакетін жетілдіру бойынша заң жобасын әзірледі және Үкіметтің қарауына енгізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: