Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмаxан сынды танымал тұлғалар Қазақстан футболын жарнамалайды - Жаңалықтар | BNews

Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмаxан сынды танымал тұлғалар Қазақстан футболын жарнамалайды

08 тамыз, 16:38 1614 Астана
Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмаxан сынды танымал тұлғалар Қазақстан футболын жарнамалайды

Отандық эстрада, кино және телевизияның бірқатар жұлдызы Қазақстан футбол федерациясының бренд-амбассадоры атанды.

Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмаxан, Нұрлан Қоянбаев және басқа да танымал тұлғалар Қазақстан футбол федерациясының брендін жарнамалайтын болды, деп хабарлайды BNews.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды.

"Он бір адамнан құралған отандық эстрада, кино және телевизия жұлдыздары Қазақстан футбол федерациясымен меморандумға қол қойды. Олардың қатарында Мейрамбек Бесбаев, Ерке Есмахан, Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Луина, Нұрлан Еспанов, Жәния Джуринская, Марат Оралғазин, Гүлназ Жоланова, Аян Бірбаев бар. Танымал тұлғалар Федерация брендін жарнамалайтын болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "бренд-амбассадор" дегеніміз – ұйым немесе компанияның өнімін жарнамалап, танымал ететін адам.

Таңдалған жұлдыздардың әрқайсысының әлеуметтік желілерінде мыңдаған немесе миллиондаған оқырманы бар. Қазақстан футбол федерациясы аталған амбассадорлардың әлеуметтік желілері арқылы ұлттық құрама ойындары мен шараларын хабарлайды.

"Бренд-амбассадорлар өз міндеттеріне алдағы уақытта кіріседі. Олар УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасында Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын туралы алдын ала хабарлайды. Кездесу 6 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында өтеді", - деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары