Мектеп асханаларында бейнебақылау камералары қойылуы мүмкін

15 қазан, 2018, 18:09 2151 Астана
Мектеп асханаларында бейнебақылау камералары қойылуы мүмкін

Бұл ұсыныс елордалық ата-аналар қоғамдастығынан қолдау тапты.

Білім басқармасы мектеп пен балабақша асханаларына бейнебақылау камераларын орнату мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды  BNews.kz  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Өткен жылы қаладағы барлық білім ұйымдарына комиссия құрылып, құрамына білім басқармасының басшылары, медқызметкерлер, мектептегі әлеуметтік педагогтар, ата-аналар комитетінің өкілдері кірген болатын.

Олар тұрақты түрде тамақтанудың сапасын тексеріп тұруға қажетті өкілеттігі бар, егер қандай да бір ескерту тапса брокеражды комиссияның тексеруі үшін ресми актіге кіргізеді. Соның негізінде тамақтануды жеткізушілермен келісімшартты бұзу туралы мәселе қаралады.

"Егер ата-ананың санитарлық кітапшасы болса онда оның асханаға кіріп, онда не болып жатқанын көруіне болады. Қазір біз келесі жылдан бастап мектеп асханаларына камера орнатып, ата-аналар тамақ дайындаудың процесін көре алатындай етуді қарастырып жатырмыз", - деді Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин әкімдікте өткен брифингте.

Ұсыныс қаладағы ата-аналар қоғамдастығынан қолдау тапты.

"Біз аталған комиссияның жұмысын белсенді ете түсу үшін қандай ұсыныс жасағымыз келеді? Ең бірінші кезекте, директордың жауапкершілігін жоғарылату, яғни брокеражды комиссия тек формалды түрде ғана емес барлық ескертулер мен актілерді мектеп сайтына жариялап, кез келген ата-ана баласы оқитын мектептің асханасында тамақтанудың қалай болып жатқанын түсіну керек. Бүгінде ол жерде ет салмапты, салмағы жетпейді дегенді баяндау емес, мұнда мектепте тамақтануды ұйымдастыру – бұл өндіріс, аспаздар жұмысын таңғы сағат 5-6-дан бастайды. Бірде бір қызметкер, бірде бір медбике, бірде бір ата-ана мектепке таң атпай келіп, қанша ет салғанын бақылап тұрмайды. Мұны тек онлайн камера мен бейнебақылау арқылы ғана бұл процесті бақылай алады", - деді ата-аналар қоғамдастығының өкілі Татьяна Коршунова. 

Бұдан басқа, ол брокеражды комиссияның мүшелеріне және ата-аналарға арналған үйретуші роликті іске қосудың маңызды екенін айтып өтті, ол өзгелерге түсінікті, қалай тексереді, нақты индикаторы бар және тамақтануға рұқсат етілген, етілмеген азық-түліктерді ұсыну туралы актілерді тексеруде бірыңғай актілер құруды ұсынды.  Жалпы, білім басқармасының мәліметінше жыл басынан 2018-2019 жаңа оқу жылында астанадағы 85 мектепте тамақ беру ұйымдастырылады. Тегін ыстық тамақтану 76 757 бастауыш сыныптар мен 1273 әлеуметтік осал топқа жататындарға беріледі (5-тен 11 сынып). Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 2018 жылы 4 млн теңге бөлінген болатын. Бір рет тамақтанудың бағасы 338 теңге. Демеушілердің есебінен 620 балаға тамақ беру ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жатпайтындарға тамақтану ақылы негізде ұсынылады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар