Мемлекет басшысы Алматы облысындағы жаңа ауданды құру туралы жарлыққа қол қойды

02 сәуір, 2018, 19:51 1896
Мемлекет басшысы Алматы облысындағы жаңа ауданды құру туралы жарлыққа қол қойды

Алматы облысының Райымбек ауданы екіге бөлінеді.

Мемлекет басшысы Алматы облысының Райымбек ауданын Кеген және Райымбек ауданынына бөлу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Елбасы жарлығы #Үкімет

Читайте также

Похожие новости