Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

08 ақпан, 2019, 17:07 2131
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

"Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана

Читайте также

Похожие новости