Мемлекет басшысы "DaruZharygy" ЖШС-ның офтальмология орталығымен танысты

15 қазан, 2018, 19:24 2152 Ақтөбе облысы
Мемлекет басшысы

Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласына үнемі көңіл бөліп жатқаны үшін Президентке алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті "DaruZharygy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің офтальмология орталығына барды. Мемлекет басшысы жаңа клиниканың емханалық, диагностикалық және стационарлық бөлімшелерін, лазер орталығы мен ота жасау бөлімін аралап көрді, сондай-ақ көзге ота жасауға арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы өңір тұрғындарына шет елдерге бармай-ақ, еуропалық деңгейдегі жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмек алуға мүмкіндік беретін мұндай нысандарды іске қосудың маңыздылығын айрықша атап өтті.

Медицина қызметкерлері денсаулық сақтау саласына үнемі көңіл бөліп, тиімді әлеуметтік саясат жүргізіп жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне Астана қаласында салынатын алғашқы медициналық оңалту орталығының макеті таныстырылды.

Айта кетейік, "DaruZharygy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында австриялық компаниямен бірлесіп салынған өңірдегі ірі офтальмология және көз микрохирургиясының орталығы. Жоба құны – 3,2 миллиард теңге. Клиника Еуропада өндірілген медициналық құрылғылармен жабдықталған. Стационар 60 адамға арналған, емхана күніне 500 адам қабылдай алады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына келгені хабарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар