Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады

05 қазан, 17:47 1834 Астана
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!