Мемлекет басшысы Финляндия мен Бельгияға барады

10 қазан, 2018, 16:02 1457 Астана
Мемлекет басшысы Финляндия мен Бельгияға барады

Қазақстан Президентінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды.

Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін "Азия-Еуропа" форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар