Мемлекет басшысы «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешенін аралап көрді - Жаңалықтар | BNews

Мемлекет басшысы «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешенін аралап көрді

04 қазан, 17:16 1880 Ақтөбе облысы
Мемлекет басшысы «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешенін аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаев озық үлгілі Ultra-Clima инновациялық жүйесі қолданыла отырып салынған жылыжайды аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде баяндалды.    

***

Кәсіпорынның өнімділік қуаты – жылына 6 мың тонна көкөніс. «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!