Назарбаев түрік компаниясымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

13 Сентября, 2018, 16:02 3157
Назарбаев түрік компаниясымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады |  | BNews.kz

Мемлекет басшысы "Йылдырым групп" компаниясының төрағасымен кездесті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "Йылдырым групп" компаниясының төрағасы Роберт Юксел Йылдырыммен кездесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында Қазақстан Президенті мен түрік кәсіпкері хром өндіру және химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгінде Ақтөбе облысында түрік компаниясы жұмыс істеп жатқанын айтып, инвесторлардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарларын қолдайтынын білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті "Ояк Холдинг" компаниясының бас атқарушы директоры Сүлеймен Эрдеммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

"Ояк Холдинг" компаниясының бас атқарушы директоры компанияның жұмысы жөнінде кеңінен әңгімелеп, Қазақстанда бизнесін дамытуға мүдделілік танытты. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13931

Похожие новости