Мемлекет басшысы Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі елшісін қызметінен босатты

22 қазан, 2018, 20:01 1626 Астана
Мемлекет басшысы Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі елшісін қызметінен босатты

Қайрат Әбусейітов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі елшісін қызметінен босатты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ақорданың хабарлауынша, сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар