Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске жүгіну себебін түсіндірді

05 ақпан, 2019, 16:09 1727
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңеске жүгіну себебін түсіндірді

ҚР Конституциясы қабылданған 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Конституциялық Кеңеске 220, оның ішінде 22 президенттік жүгіну жіберілді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық Кеңесіне жүгіну себебін түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Конституциялық Кеңеске 220, оның ішінде 22 президенттік жүгіну жіберілді. "ҚР Конституциялық кеңесі туралы" Заңға сәйкес Конституциялық Кеңес Конституцияны ресми түсіндіру құқығына ие. Заңнамада олқылықтардың болуы қалыпты құбылыс саналады. Мәселен, Конституцияда Президенттің ауысу шарттары айқындалмаған, сонымен қатар оның отставқаға ерікті түрде кету жағдайы қарастырылмаған. Әлемнің барлық конституцияларында мұндай норма бар. Бұл аспектінің үлкен өзектілігіне байланысты Конституциялық кеңеске осы қағиданы түсіндіруді өтіндім", - деді Елбасы Ақорда таратқан видеоматериалда.

ҚР Президенті бүгінде қоғамның сайлау мәселесіне қызығушылық танытып отырғандығын да атап өткен.

"Дегенмен, бұл тақырыптың төңірегінде дүрбелең тудырудың қажет жоқ. Ел Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда сайлауларды өткізу тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі нақты жазылған. Конституция аясында Президенттің мерзімінен бұрын сайлау жариялауға құқығы бар. Бірақ, мұндай жағдай орын алмайды. Сондықтан тыныштық сақтап, күнделікті қызметпен айналысуды жалғастыра беру қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрсұлтан Назарбаев #Конституция

Читайте также

Похожие новости