Мемлекет басшысы Президент Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады

19 шілде, 2018, 16:28 3071 Астана
Мемлекет басшысы Президент Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады

Аталған қызметті Қанат Шөкенов атқарады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтыны сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қанат Шөкенов 1981 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола облысындағы филиалында заңгер мамандығын бітірген адвокаты, Тұран-Астана университетінде қаржы бакалавры академиялық дәрежесін алған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі. 

2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының жүйесінде жұмыс істеді. Іс басқармасының ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болды. Қазіргі уақытқа дейін ол Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар