Мемлекет басшысы "Жігермұнайгазсервис" компаниясына барды

23 тамыз, 2018, 18:03 1778
Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаевқа зауытта ішкі нарыққа және экспортқа шығаруға арналған дайын өнім үлгілері көрсетілді.

Елбасы өнім өндіру көлемін, еңбек өнімділігін, металл өңдеу дәлдігін арттыруға, сондай-ақ адам факторына байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, робот көмегімен дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл конструкцияларын өндірудің технологиялық үдерісімен танысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевқа зауытта ішкі нарыққа және экспортқа шығаруға арналған дайын өнім үлгілері көрсетілді.

Қазақстан Президенті кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, "Жігермұнайгазсервис" компаниясының өндірісін әртараптандырудың артықшылықтарын айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы мұнда облыс активімен кеңес өткізеді.

Мемлекет басшысы "Карат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Дәулет" жеке индустриялық аймағында болып, нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көрді және осы жерде өндірілетін дайын өнім үлгілерімен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Атыраудағы "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамына барды. Мемлекет басшысы Өндірістік үдерістерді қадағалау орталығының жұмысымен танысты. Онда Елбасыға цифрлық зияткерлік кен орнының жүйесі көрсетілді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Атырау облысы #Нұрсұлтан Назарбаев #экспорт

Читайте также

Похожие новости