Мемлекет басшысын мерекелермен құттықтаған толассыз хаттар жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Мемлекет басшысын мерекелермен құттықтаған толассыз хаттар жарияланды

29 желтоқсан, 10:23 1939 Астана
Мемлекет басшысын мерекелермен құттықтаған толассыз хаттар жарияланды

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттарды жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, халықаралық ұйымдардан, шетелдік және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдарының жетекшілерінен, зиялы қауым өкілдерінен, сондай-ақ Қазақстан азаматтарынан көптеген хаттар келіп түсті.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқаны атап өтіліп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін бекітудегі рөлі айрықша көрсетілген.

Мерекелік хаттардың біразы Ресей Федерациясынан келіп түсті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Астрахан облысының губернаторы А.Жилкин, Пенза облысының губернаторы И.Белозерцев, Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры С.Нарышкин, Ресей Сбербанкі басқармасының төрағасы Г.Греф, «РуссНефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Мир» МТРК төрағасы Р.Батыршин және Мәскеу қаласында тұратын қазақстандық бір топ ардагер құттықтады.

Көптеген құттықтаулар министрліктер мен ведомстволар басшыларынан, облыс әкімдерінен, Қазақстан Парламентінің депутаттарынан, елшілерден, ұлттық компаниялар басшыларынан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарынан келіп түсті.  

Мемлекет басшысы өзінің атына келіп түскен барлық хаттармен және жеделхаттармен мұқият танысып шығып, авторлардың барлығына жылы құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін ризашылығын білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары