Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

07 ақпан, 2019, 17:26 1968
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана

Читайте также

Похожие новости