«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға өзгертулер енгізілді - Жаңалықтар | BNews

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға өзгертулер енгізілді

12 қаңтар, 12:18 1653 Астана
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға өзгертулер енгізілді

Аталған заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүесін жетілдіруге бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын.

Заң жобасына мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі реформалау қажеттігін ескере отырып, бірқатар өзгеріс енгізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары