Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын зерттеу қажет – Назарбаев
Президент Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде "Бес әлеуметтік бастаманың" іске асырылу барысын зерттеу қажеттігін атап өтті.
Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.
"Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде "Бес әлеуметтік бастаманың" іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек", – деді Қазақстан Президенті.
Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Сағынтаев Қарағанды облысының бизнес өкілдерімен Жолдауды іске асыру мәселелерін талқылады
-
Назарбаев пен Саркисян Армениядағы жағдайды талқылады
-
Мұнай-газ секторы мамандары әр аймақта оқытылатын болады
-
Мәжіліс депутаттары Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша түзетулер енгізді
-
Ердоған рохинджа еліне көмектескені үшін Назарбаевқа алғыс білдірді
-
Президент "Самұрық-Қазына" қорының жаңарған Даму стратегиясы мен Трансформациялау бағдарламасын қолдады
-
Назарбаев "Самұрық-Қазынаны" басқарудың көп деңгейлі жүйесін жеңілдетуді тапсырды
-
Саргсян Назарбаевтан жеделхат алды
Ұсынамыз
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді
Кеше, 09:25
720
-
Мұнай-газ секторы мамандары әр аймақта оқытылатын болады
Кеше, 09:53
688
-
Елордада сыртқы жарнамадағы 1,5 мыңнан астам қате түзетілді
Кеше, 10:36
685
-
Назарбаев пен Саркисян Армениядағы жағдайды талқылады
Кеше, 10:09
684
-
Футбол аңызы Марадона қазақстандық аяғы жоқ баламен кездесті
Кеше, 11:19
680
-
Сапарбаев Ақтөбеде балалар күні мерекесінде Димаштың концерті өтетінін айтты
20 сәуір, 17:12
3073
-
Алматыда жолдан өтпек болған қызды қағып өлтірген жүргізуші тұтқындалды
20 сәуір, 18:16
3066
-
Сот шешімі адамға түсінікті тілде жазылуы тиіс – Жақып Асанов
20 сәуір, 12:39
3063
-
Елорда емханалары сәуір айына дәрімен толық қамтамасыз етілді
20 сәуір, 11:11
3058
-
МӘМС медициналық бизнестің дамуына жағдай жасайды
20 сәуір, 12:04
3052
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
13 сәуір, 16:10
3707
-
Астанада Ұлттық музейде "Рухани жаңғыру" көрмесінің ашылуы өтті
13 сәуір, 18:26
3636
-
Назарбаев Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
12 сәуір, 18:09
3629
-
Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс – Назарбаев
12 сәуір, 18:57
3622
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
13 сәуір, 17:35
3621