Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі салымшыларының саны өсіп келеді - Жаңалықтар | BNews

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі салымшыларының саны өсіп келеді

07 тамыз, 16:43 1698 Астана
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі салымшыларының саны өсіп келеді

Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам салымшы тіркелген, оның ішінде 403 салымшы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр.

2013 жылы елімізде білім беру жинақтау  жүйесі деп аталатын жана бағдарлама  енгізілген болатын. Басты мақсат – ақылы білім алуда халыққа қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының азаматтарына  өз атынан немесе баланың атына білім беру шотын ашып қаржы жинақтау. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы "Қаржы орталығы" АҚ-ның Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің менеджері Данагүл Сүлейменова айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгінде сіздер қандай бағыттар бойынша жұмыс істейсіздер?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесi "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Жарғыға сәйкес "Қаржы орталығы" АҚ мына бағыттарда жұмысты жүзеге асырады: Біріншіден, екінші деңгейдегі банктерден студенттерге берілетін кредиттер бойынша кепілдік ұсынады; Екіншіден, бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттерді қайтаруды қамтамасыз етеді; Үшіншіден, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі:білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді; Төртіншіден, жан басына шаққандағы қаржыландыруда және жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуына көмегін тигізеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Мемлекет басшысының студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту жөніндегі үшінші бастамасын орындау шеңберінде Қаржы орталығы жаңа бағыт – Студенттік жатақханалар: бүкіл Қазақстан бойынша студенттерге, магистранттарға және докторанттарға арнап жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді іске асырумен айналысуда..    

"Қаржы орталығы" көмегімен, мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің мүшесі атануға болады. Бұл қандай бағдарлама екенін барынша ашып айтып берсеңіз?

2013 жылы елімізде білім беру жинақтау  жүйесі деп аталатын жана бағдарлама  енгізілген болатын. Басты мақсат – ақылы білім алуда халыққа қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының азаматтарына  өз атынан немесе баланың атына білім беру шотын ашып қаржы жинақтау болып табылады. Кейіннен Қазақстанда немесе шетелде де білім алу ақысын төлеу мүмкіндігі берілді.

Білім беру жинақтау салымына 12%-ға дейінгі мөлшерде банктің сыйақысынан бөлек 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Бұл оның басқа депозиттерден басты артықшылығы болып табылады. Әлеуметтік мұқтаж салымшыларға, оның ішінде: жетім балалар, мүгедек балалар, аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мемлекет сыйлықақысын 7% мөлшерде алады. Ал, басқа салымшыларға мемлекет сыйлықақысы 5% мөлшерде есептеледі.

Сөйтіп жылына 19% немесе 21 %-пайыз мөлшерінде бұл салымдарға сыйлықақы түсіп тұрады.

Бүгінгі күні қанша адам осы жүйе бойынша салымшы атанды? Бағдарламаны шамамен қанша адам қолдануда?

Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам салымшы тіркелген, соның ішінде 403 салымшы жоғарғы оқу орындарда білім алып жатыр.

Егер ата-анасы ақша жинаған талапкер грантқа түсіп кетсе немесе мүлдем оқымайтын болып шешсе, ол жиналған ақша қайтарыла ма?

Мемлекеттік білім грантын жеңіп алған салымшы есепшотындағы жинақталған қаражатты, мемлекеттен түскен сыйлықақымен және банктің сыйақысымен бірге толықтай салымшының иелігіне өтеді. Салымшы бұл қаражатты қолма-қол ақшалай алуға, жинақтауды жалғастыруға немесе үшінші тұлғаның атына қайта ресімдеуге құқылы. Оқуға мүлдем түспеген жайдайда салымшы қаражатын кез келген кезде шешіп ала алады, бұл кезде мемлекеттің тарапынан берілген сыйлықақы салымшыға берілмейді.

Егер талапкер шет елдік Жоғары оқу орнына түсетін болса, талаптар өзгере ме?

Бағдарлама бойынша шет елде де білім алу мүмкіндігі бар, бұл жағдайда мемелкеттің сыйлықаықысын Заң бойынша шет елдің жоғарғы оқу орнына тек бір мәрте аударуға рұқсат етіледі.

Ал салымшыға жинаған қаражаты басқа мақсатта керек болып жатса, ол ақшасын шешіп ала ма?

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің түпкі мақсаты – білім алуға қаржы жинау. Сондықтан салымшы жылдар бойы жинаған қаражатын осы мақсатқа жұмсаса, мемлекеттік сыйақысы міндетті түрде сақталады. Ал салымдағы ақшаны басқа мақсатта жаратса, екі жақты келісім шарт бұзылып салымшы өзінің қаражатын және банктің пайыздық сыйлық ақысын шешіп алуға құқұлы, ал мемелекеттің тарапынан түсен сыйлықақы берілмейді.  

Жиналған қаражат қалай беріледі? Оны бөліп ала ма, әлде түгелдей бірден ұсыныла ма?

Ақылы бөлімге түскен жағдайда салымшы жиналған қаражатты академиялық мерзімге, банктің шотынан керекті соманы жоғарғы оқу орынның шотына аударып тұрады, бір семестрдің  немесе 1 жылдың ақысын төлейді. 

Сізде қай банктермен жұмыс істейсіздер?

Бүгінгі таңда білім беру жинақтау депозиті бойыша 5 банкпен жұмыс жасаймыз. Олар "Халық банк" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Цеснабанк"  және "Банк ВТБ" АҚ банктері. 

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін екі құжат қажет  ата-ананың жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі.

Шоттар қандай жастағы категорияларға ашылады?

Шотты кез келген адам өз атына ашу мүмкіндігі қарастырылған, жас шамасына қарай шектеу қойылмаған.

Бұл мемлекеттік жинақтаушы білім жүйесі қанша уақытқа дейін қарастырылған? Бағдарлама барысында өзгерістер қарастырылған ба?

Мемлекеттің тарапынан берілетін сылықақының мерзімі 20 жылға дейін тағайындалған.

Бірнеше жыл бұрын меценатттар мен бизнесмендер жетім балалалар үшін білім депозиттерін ашқан еді. Сол депозиттердің жағдайы қалай? Толықтырылып отыра ма?

2014 жылы  "Бөбек" қоры 7789 жетім балалардың атына 5 173 581 433,39 теңгеге білім шоттын ашты. Қазіргі таңда осы шоттарға мемелкеттің тарапынан 809 585 580,97 тенге сыйлықақы берілді. Сонымен қатар Парламент депуттары жетім балаларға бірқатар шоттар ашты. 

Жалпы Қазақстан бойынша жетім балаллардың шамамен 90%-на  білім депозиті ашылды. Грантка түскен жағдайда бұл балалар шоттағы білімге деген қаражатын өз еркімен қолдана алады.

Студенттерге оқу үшін несие алуға көмектесесіздер ме? Болса қандай талаптар бойынша бересіздер?

Білім беру кредиттеріне кепілдік беру үшін Қарыз алушы студенттерге қойылатын негізгі талаптар мынадай:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болу;  
  2. Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты мекенжайы бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуде болу;
  3. Қазақстан аумағындағы қазақстандық ЖОО-да оқу.

4. Қарыз алушының орташа үлгерімі Cтандартты бағдарлама бойынша ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша 50 балдан кем емес; жеңілдетілген бағдарлмам бойынша 65 балдан төмен болауы.

5.  Келешекте сессия қорытныдысы бойынша 3,5 балдан, GPA – кредиттік жүйе 1,33 балдан төмен емес болуы шарт.

Шарттары:

  • кепілзатсыз;
  • ұзақ мерзімді 12 жылға дейн;
  • несиені өтеуге жеңілдікті кезең беріледі, яғни, оқу кезеңіне және оқуды бітіргеннен кейін тағы жарты жылға несиені өтеу мерзімі шегеріледі;
  • кепілзат қажет емес, кепілзат ретінде Қаржы орталығының кепілдігі беріледі;
  • ЖОО-ды таңдауда және оқудың құны бойынша шектеу қойылмайды;
  • оқудың барлық деңгейлері: бакалавриат, магистратура, докторантура техникалық және кәсіптік білім алу;
  • несие сомасы банктен ЖОО шотына тікелей аударылады;
  • несие Қазақстанның ірі қалаларында серіктес банктердің бөлімшелерінде беріледі барлық колледждермен және ЖОО беріледі.

Бұл қызмет түрі қаншалықты сұранысқа ие?

Мемлекеттің кепілдігімен берілетін білім беру кредиттері студенттерге еш уайымсыз оқуға, жұмысқа тұруға, содан кейін ғана кредитті асықпай өтеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша сұраныс жоғары, себебі несиені студенттер кез келген уақытта, кез келген академиялық мерзімге рәсімдей алады.

Студенттер арасында алған несиені өтей алмай жүрген студенттер көп пе?

Қазіргі таңда банктің алдында қарызын өтемеген студенттердің саны  7 % (250 қарызгер).  Қаржы орталығы бұл студенттердің банктің алдындағы қарызын кепілдікке сәйкес өтеп, қарыздарды өндіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Сұхбатыңызға рахмет!

Айта кетейік, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі салымдарының негізгі артықшылығы – ондағы қаражаттың банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге жыл сайын капиталдандырылуы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын ақшаның құнсыздану деңгейін есепке ала отырып, мемлекет сыйлықақысының мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар жасап тұрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары