Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет - Алик Шпекбаев  - Жаңалықтар | BNews

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет - Алик Шпекбаев 

31 қаңтар, 16:17 888 Астана
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет - Алик Шпекбаев 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Алик Шпекбаевтың төрағалығымен өткен жыл қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz, агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқа отырысы  барысында Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың негізгі басымдықтарын атап өтті.

Азаматтық қоғам институттарының рөлі арта түскендігі ерекше атап өтілді. Мысалы, 2017 жылы алғаш рет азаматтық қоғам өкілдерімен қызмет көрсету сапасын бақылау тәжірибесі енгізілді. Бұл көптеген ХҚКО, мемлекеттік кіріс мекемелері, табиғи монополия субъектілері және басқа да ұйымдардағы қызметті жетілдіруге ықпал етті.

900-ден астам тексерудің нәтижелері бойынша 370 мың бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша еңбек, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және азаматтарды тіркеу салалары аутсайдер болды.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметті алушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үдерісі жалғасатын болады.

Өткен жылы мемлекеттік қызметтің 72% электронды түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілгендіктен, бұл саладағы тұрмыстық жемқорлықты айтарлықтай азайтады. Жалпы алғанда, соңғы 3 жылда электронды түрде ұсынылатын қызметтердің саны 21% -ға, ХҚКО арқылы 12% -ға өсті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің 2 есе азаюына септігін тигізді (2014 жылы – 60%, 2017 жылы – 28%).

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары