Мемлекеттік қызметкерлерге iKomek жұмысы таныстырылды

Написать нам
09 қараша, 2018, 11:17 3187 Астана
Мемлекеттік қызметкерлерге iKomek жұмысы таныстырылды

"iKomek" орталығына қала аумағында орналасқан 6000-нан астам бейнебақылау камералары қосылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің 40-қа жуық басшысы "Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық" тренингі аясында Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"ІKomek" орталығы жұмысының негізгі бағыттары – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру,  жағдаяттардың уақытылы жабылуын бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау және өңдеу, алдын алу шаралары саясатын құру, сонымен қатар қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы жағдайды "дәл осы жерде және қазір" тәртібінде шұғыл бақылау.

"iKomek" орталығына қала аумағында орналасқан 6000-нан астам бейнебақылау камералары қосылды. Негізінен камералар СОО, мешіттер, ірі аялдамалар, вокзалдар сияқты адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы "iKomek" орталығының операторлары тәулік бойы мектептер, аулалар, үйлердің кіреберістері және т.б. аумақтарын бақылайды" - дейді iKomek орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Айта кетейік, бейнебақылау камераларының арқасында азаматтар құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілетініне сенімді бола алады.

"Камераларды пайдалану құқықбұзушылықтар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. iKomek орталығында Астана қаласы ІІД қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде 2018 жылдың басынан 2 892 өтініш қабылданып, оның ішінде 2864 атқарылды. ТЖД желісі бойынша 164 өтініш қабылданып, оның 164-і атқарылды", - деп хабарлады iKomek орталығы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар