Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа қызметтік куәлік әзірленіп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа қызметтік куәлік әзірленіп жатыр

09 шілде, 09:54 1910
Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа қызметтік куәлік әзірленіп жатыр

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеп жатқан цифрлық қызметтік куәлік мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін бақылауды көздейтін цифрлық қызметтік куәлік әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың төрағалығымен қызметтік куәліктердің жаңа форматы – мемлекеттік қызметкерлердің ID-карталарын енгізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Отырыс ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның, ІТ қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен өтті.

"Цифрлық қызметтік куәлікті (ID-карталар) әзірлеу және енгізу мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасын имплементациялауды және "Е-Қызмет" ЫАЖ бірыңғай басқару орталығымен мемлекеттік органдардың Кіруді бақылау және басқару жүйелерін (КББЖ) біріктіруді көзейді. ID-карталардың "Е-Қызмет" ЫАЖ жүйесімен интеграциялау арқылы мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратына кіру мүмкіндігі пайда болады, бұл өз кезегінде рұқсаттама бюроларын ұстауға кететін шығындарды оңтайландыруға жағдай жасайды", - делінген хабарламада.

Отырыста пилоттық режимде жаңа электрондық қызметтік куәліктің басқа да мүмкіндіктері көрсетілді.

Тестілеуден өткен ID-карталар мемлекеттік қызметшінің электрондық цифрлық қолтаңбасын имплементациялау арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде электрондық форматта құжаттарға қол қоюға мүмкіндік туғызады.

Ұсынылған тәсілдер жұмыс тобының тарапынан мақұлданды.

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есепке алу және бақылау үшін инновациялық шешімдерді қолдану (компьютерлік бағдарламалар мен қосымшалар) бойынша ұсыныстар берді. 
Бұл қызметкерлердің нәтижелілігі, өнімділігі мен тиімділігін мониторингтеуге, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын жағдайлардың орын алу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік жасайды. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық қызметкерлері үшін пилоттық режимде ID-карталар енгізілгені туралы бұдан бұрын хабарланған болатын. 

Қазіргі уақытта елдің барлық мемлекеттік органдарына жетілдірілген электрондық қызметтік куәліктерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары