Алматыда мемлекеттік қызметшілер Елбасы Жолдауын талқылады

19 қазан, 2018, 09:40 2820 Алматы
Алматыда мемлекеттік қызметшілер Елбасы Жолдауын талқылады

Осыған орай, Департаментпен ақпараттық-насихаттау тобы құрылды. Топ өзінің жұмысын Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында бастады.

Мемлекеттік қызметшілер қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында Елбасының мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі, мемлекеттік сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл аясындағы Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізуді белсенді бастады.

Осыған орай, Департаментпен ақпараттық-насихаттау тобы құрылды, топтың құрамына Департаменттің өкілдері, Совминнің медицина қызметкерлері, Алматы қаласының әдеп жөніндегі уәкілі кірді.

Топ өзінің жұмысын Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында бастады.

Кездесу барысында Департамент басшысы Д.Таумұрат денсаулық сақтау саласының сапасы мен қолжетімділігіне, мемлекеттік қызметтің беделінің артуына, сондай-ақ Алматы қаласы мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік кепілдіктерін ұсыну мәселелері бойынша Жолдауды іске асыру жөніндегі шаралар қабылдануы туралы атап айтты.

Мемлекет басшысы айтқанындай, мемлекеттік қызметшілер алдында қойған мiндеттерді iске асыру халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатын медициналық қызмет сапасын арттыру арқылы жүзеге асыру мүмкін.

Осы мақсатта, Департамент Орталық клиникалық ауруханамен (Совмин) қаладағы мемлекеттік қызметшілерге медициналық қызмет көрсету мәселесі бойынша Меморандумға қол қойды.

Президент өз Жолдауында маңызды бағыттардың бірі мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметінің тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтті.

Белгілі болғандай, жылдың басынан республиканың төрт мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесінің жобасы енгізілді.

Д.Таумұраттың баяндауында, жаңа жүйемен жалақының төлеу мөлшері жұмыстың сипаты мен күрделілігіне, сондай-ақ қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне жетуіне байланысты болатыны туралы. Осы жүйе бойынша мемлекеттік қызметшінің кірістері екі бөліктен қалыптасатыны айтылды: кепілді лауазымдық жалақыдан және бонустардан.

Факторлық-баллдық шкаласының жүйесі негізінде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының өсуі мемлекеттік қызметшілердің ел үшін адал жұмыс істеуіне мотивацияны көтерудің тиімді шешімі болып табылады.

Кездесуде сөз алған спикерлер, қаладағы мемлекеттік органдар жұмысының оң динамикасын атап өтті және Департамент атқаратын еңбек және әлеуметтік мүдделерін қорғау жұмыстары жүргізілуі туралы айтты.

Атап айтқанда, Әдеп жөніндегі уәкілдің маңызды рөлі атап айтылды, ол мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын сақтауға, коллективте қолайлы жағдай жасап, дұрыс жұмысқа бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Департаменттің басқарма басшысы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың маңызды критерилерін белгілеп, жалақы төлеудің жаңа жүйесіне әсер етуі туралы және тұрғындардың өтініштерін қарауда тығыз өзара әрекеттесуге шақырды.

Тұтынушыларға хабарлауды жоғарлатуы, әр мемлекеттік қызметкердің құзыреттік жұмысын қаншалықты маңызды екендігін сөйлеуші қызметкерлер қажеттілігін белгіледі.

Белсенді цифрлау және  мемлекеттік қызмет көрсетуді  автоматтандыруы, халықпен мемлекеттік қызметшілердің тікелей байланысы құралдардың төмендеу негізі ретінде, түсіндіру жұмысының жүйесі, мақсатты аудиториялармен оқу өткізуі көрінеді.Бұл сыбайлас жемқорлықты азайтады, Жолдауда осыған ерекше екпін жасалды.

Жалпы, семинар қатысушылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдуында көрсетілген мәселелердің маңыздығын және жүзеге асыруда өз ықпалын тигізуге дайындығын білдірді.

Келешекте ақпараттық-насихаттау тобы өз жұмысын тұрақты түрде жалғастырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар