Мемлекеттік –жекеменшік әріптестік бойынша 1,1 трлн теңгеге 443 шарт жасалды – Сүлейменов

Написать нам
29 қазан, 2018, 12:15 1619 Астана
Мемлекеттік –жекеменшік әріптестік бойынша 1,1 трлн теңгеге 443 шарт жасалды – Сүлейменов

Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 21 есе артық.

Биыл мемлекеттік –жекеменшік әріптестік шарттар сомасы 1,1 трлн теңгеге жеткен. Барлығы 443 шарт жасалған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыру 2006 жылдан басталды. 10 жыл ішінде барлығы 3 концессиялық жоба іске асырылды. Бүл теміржол желісі, өңіраралық электр желісі және әуежайдың жолаушылар терминалы. Айта кету керек, ол кезде қолданыста тек ірі инфрақұрылымдық жобалармен шектелетін "Концессиялар туралы" Заң болған. Қазақстанда бұл әріптестік соңғы 7 жылдағы заңнамалық және институционалдық базаның біршама жетілуіне байланысты жанданды", - деді Сүлейменов Үкімет сағатында.

Министр салыстыру үшін мемлекеттік – жекеменшік әріптестік бойынша 2006-2016 және 2017-2018 жж. кезеңдердегі ақпаратты ұсынды.

"2003-2016 жылдар аралығында 59,4 млрд теңге соманы құрайтын 21 шарт жасалды. 2017 жылдан биылғы жылдың 15 қазанынан дейін сомасы 1 трлн теңгеге 422 шарт жасалды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 21 есе артық. Бүгінгі күні жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 443 шарт жасалған. Әртүрлі дайындық кезеңдерінде 1,5 трлн теңге сомасына 721 жоба бар", - деді Тимур Сүлейменов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар