Мен үйге оралдым – Димаш Құдайбергенов әлемдік турнесін уақытша тоқтатты - Жаңалықтар | BNews

Мен үйге оралдым – Димаш Құдайбергенов әлемдік турнесін уақытша тоқтатты

08 қаңтар, 12:44 1204 Қазақстан жаңалықтары
Мен үйге оралдым – Димаш Құдайбергенов әлемдік турнесін уақытша тоқтатты

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Фучжоу қаласында концерт берген соң, Қазақстанға келді, деп хабарлайды  BNews.kz.


 

Жас әнші әлемдік турнесін үзіп, қысқа мерзімдік демалысқа шықты. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында және студияда өткіземін. Турнеде көріскенше, құрметтілерім (Dears)», - деп жазды Димаш Құдайберген оқырмандарына.

 

Сонымен қатар, әнші Қытайдағы қойылған соңғы жеке концертінен видео үзінді жариялады. Онда жанкүйерлердің қатты қолпаштаған дауысын естуге болады. Димаш концертте өнер көрсетуі барысында сахнадан жанкүйерлеріне қарай секірген. Алайда, күзетшілер қазақстандық әншінің концертіне келген көрермендерге қауіпсіздік үшін жақындауға мүмкіндік бермеді.

 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстандық әнші өзінің алғашқы әлемдік турнесіне аттанатынын хабарлаған болатынбыз. Аталған турнесін әнші өткен жылы күз мезгілінде бастады. Сондай-ақ, ол Чанша қаласында өзінің жеке концертін өткізді.

Димаш Құдайбергенов Қытайда өткен «I Am a Singer» шоуына қатысқан соң аса танымалдылыққа ие болды. Кейіннен қазақстандық әншінің керемет дауысына тәнті болған франциялықтар оны Еуропаның танымал телеарналарының біріне құрметті қонақ етіп шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен болатын.

Өткен жылғы желтоқсанның соңында Димаш Құдайбергеновтің жүлде қоры тағы бір марапатқа артты. Әнші қытай халқы арасында «Грэмми» жүлдесімен парапар саналатын «Golden mango melody awards» марапатының «Жылдың үздік танымал әншісі» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары