Мендегі қасиеттің барлығын өзім таптым – Нұрсұлтан Назарбаев

12 маусым, 2018, 15:55 1735 Астана
Мендегі қасиеттің барлығын өзім таптым – Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысы қалай жетістікке жеткенін айтып берді.

ҚР Президентінің телерадиокешені Facebook-тегі өзінің парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын берген сұхбатының қызықты бөліктерін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мен ауылдан шыққан баламын, әкем тек газет қана оқи алатын, жазуды білмеген, ал анам не оқи алмаған, не жаза алмаған. Олар сауаттылықты білмеген. Маған: "Мұнда кел, Нұрсұлтан, анда бар" дейтіндей, менің ешбір туысымда жоғары білім болмаған. Ешкім болған жоқ. Мендегі қасиеттің барлығын өзім таптым, іздендім, өз-өзімді дамыттым", - деп Мемлекет басшысының сөзін келтірді ҚР Президентінің телерадиокешені.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар