Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады - Жаңалықтар | BNews

Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

31 желтоқсан, 15:30 1448 Астана
Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктердің саны артады

Жаңа жылдық мейрам күндері мерекелік шаралар өткізілетін алаңдарға Астана тұрғындары мен қонақтардың еш қиындықсыз және ыңғайлы жетуіне сапалы қызмет көрсету мақсатында қала әкімдігі кей бағыттарда қоғамдық көлік санын арттырды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

«30-31 желтоқсан күндері мына бағыттар бойынша автобустар саны артады № 2,5,7,8,9,10,12,19,31,33,37,40,51,71; ал 2018 жылдың 2-ші қаңтарында келесі бағыттар бойынша № 9,10,12,31,37,40,51», - деп хабарлады «Астана LRT».

Осы бағыттар Жаңа жылдық шаралар өткізілетін сауда орындары, мұз айдыны, мәдени ошақтар және басқада нысандарға қатынайтын болады.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін ЭКСПО көрме кешенінің аумағында жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастырылады. Ауа райы ашық болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары