Мереке күндері еліміздің оңтүстігінде ыстық, ал солтүстігінде суық ауа райы күтіледі - Жаңалықтар | BNews

Мереке күндері еліміздің оңтүстігінде ыстық, ал солтүстігінде суық ауа райы күтіледі

07 наурыз, 12:36 1679 Қазақстан жаңалықтары
Мереке күндері еліміздің оңтүстігінде ыстық, ал солтүстігінде суық ауа райы күтіледі

Синоптиктер 8-12 наурыз аралығындағы ауа райы туралы айтып берді.

Қазақстанда мереке және демалыс күндері көктемгі тұрақсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы және шығыс өңірлерінде, жаңбыр басым, жауын-шашын, қатты жел, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, температураның жоғарылауын шақыратын циклон, Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады.

"Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8 градустан 13 градусқа дейін көтеріледі, кейбір жерлерде 18, 15-тен 20 градусқа дейін, ал кей жерлерде 25 градус, шығысында 3-8 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары келе бастайды. Соған байланысты қар мен жаңбыр, сондай-ақ боран, көктайғақ, желдің екпіні 15-23 м/с дейін және күн суытады деп күтілуде. 

Ұқсас жаңалықтар