Мереке күндері Қазақстан аумағында күн суытады

14 желтоқсан, 2018, 15:58 465
Мереке күндері Қазақстан аумағында күн суытады

Синоптиктер 15-19 желтоқсан аралығында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады деп болжауда.

Мереке күндері, яғни 15-19 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағында күн суытады. Елімізде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

"Республиканың батыс облыстарында қар жаууды тудырған циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив шығыс бағытына қарай ығысады. Осы циклонның Қазақстан аумағы арқылы жылжуына байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі, ал көктайғақ және тұман республиканың басым облыстарында сақталады", - делінген хабарламада.

Болжанып отырған кезеңнің соңында тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуы және антициклонның ығысуымен байланысты республиканың басым облыстарында күн суытады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #Қазгидромет #қар жауады #көктайғақ

Читайте также

Похожие новости