Мылтық өздігінен атылуы мүмкін емес – АҚШ-тан келген сарапшы Тоқмәди ісіндегі мұндай сәйкестікті жоққа шығарды - Жаңалықтар | BNews

Мылтық өздігінен атылуы мүмкін емес – АҚШ-тан келген сарапшы Тоқмәди ісіндегі мұндай сәйкестікті жоққа шығарды

27 ақпан, 13:43 1406
Мылтық өздігінен атылуы мүмкін емес – АҚШ-тан келген сарапшы Тоқмәди ісіндегі мұндай сәйкестікті жоққа шығарды

Шет елдік сарапшылар Қазақстанға арнайы шақырылды. Олар "Банкир Тәтішевтің неміс мылтығы өздігінен атылуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап беруі тиіс.

Таразға атыс қаруымен байланысты қылмыстарды саралайтын америкалық криминалист-мамандар Майкл Патрик Мерфи, Скот Майкл Перкинск пен Ирис Дейлли келді. Сотқа жауап алу үшін оларды жәбірленуші Тәтішевтер отбасының қорғаушысы арнайы шақыртқан, деп хабарлайды BNews.kz. Олар қайтыс болған банкирдің жаңа неміс қаруы өздігінен атылу мүмкіндігін анықтап беруі тиіс еді.

Сот шетелдік мамандар оқиға орнында болмағандықтан, сотта куәгерлер ретінде емес, сарапшылар ретінде сұралатынын айтты. Бірінші болып Майкл Патрик Мерфиден жауап алынды. Ол бұл істі саралау үшін бірнеше адамнан құралған сот-сараптама тобы шақыртылғанын айтты. Мерфи мылтық құрбанға қарай бағытталып тұрғанын және оқ тек шүріппені басқан кезде ғана атылуы мүмкін екенін айтты.

"Айыпталушы шүріппе өздігінен басылып, атылып кетуі мүмкін дегенді айтқан. Бұлай болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, мылтық траекториясы да арнайы бағытталған. Мылтық тек артқы орындықта болған (...) Мылтық құрбанға қарай бағытталып, ол оны бақылап отырған. Мылтық шүріппені басқан кезде ғана атылуы мүмкін", - деді сарапшы.

Майкл Патрик Мерфи сондай-ақ, банкир өліміне қатысты тағы бір дәйекті де жоққа шығарды. Ол банкир өліміне қатысты отбасының күдігін, яғни оқты көліктің алдыңғы орындығында отырған Тәтішевтің оққағары атуы мүмкін емес дегенді айтты.

"Жоқ, ол мұны істей алмас еді. Біз барлық траекторияларды қарап, компьютерлік моделін құрап шықтық. Оқ артқы жақтан, сәл төмендеу жерден атылған. Мұны қасында отырған адам істей алмас еді", - деді маман.

Криминалист мылтық өздігінен атылуы мүмкін емес екенін айтты. Ол сондай-ақ, мылтық ақаулы болуы мүмкін деген ойды да жоққа шығарды.

"Бұл істе қолданған мылтықтың  бағасы өте қымбат. Қару "өздігінен атылып кетті" деген ешқашан болған емес. Біз сондай-ақ осы қаруды ылғи тазалайтын адаммен де кездестік. Ол мылтық мінсіз болғанын айтты. Осыдан кейін қаруды полиция да тексеріп шығып, өздігінен атылу мүмкіндігі дәлелденген жоқ. Мұндай дәйекті қазақстандық сарапшы Ломакин да растады. Ол қару өздігінен атылмайтынын айтты", - деді сарапшы Мерфи.

Криминалист-мамандар компьютерлік модельдеу арқылы оқтың траекториясын анықтағаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Тоқмәди бірнеше рет әртүрлі жауап берді. Біз командамызбен оның әрбір жауабын дәлелдеп көрмекші болдық. Оның біреуі оған люктен шығып жатқанда қару берілгені болған. Бұл мүмкін емес. Сонымен қатар, қару алдыңғы орындықта болуы да мүмкін емес. Сондай-ақ, үшінші дәйек, яғни қару сақтандырғышта тұрды дегені де сәйкес келмейді. Оның саусақтары оқ атылғаннан кейін мылтықтың ілмегінде болған. Егер бұл оқыс жағдай болса, ол оқ атылғаннан кейін мылтықты тастап жіберер еді. Алайда  ол мылтықты қолында ұстап тұрған. Біз өлтірудің барлық жолын қарастырдық, алайда компьютерлік моделдеу арқылы траекторияны анықтаған соң, осындай шешімдерге келдік", - деп түйді сөзін сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты істе соңғы нүктені Америка мен Делиден келген сарапшылар қоюы мүмкін. Тәтішев отбасының қорғаушысы Евгений Ягорскийдің айтуынша, тараптар сараптама өткізу үшін үш тәуелсіз сарапшы шақыртқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы өтіп жатыр, ол 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты куәгер Ерлан Атамқұлов 90-шы жылдардың соңында болған жағымсыз оқиға туралы айтып, "Ол көмектесуге әрекет жасамады" деп Тоқмәдиге мінездеме берді. Осыдан кейін ол сотталушы Мұратхан Тоқмәдимен байланысын мүлдем үзген.

Сондай-ақ, сотта Асхат Сейітовтің інісі – Талғат Сейітов растап, Мұхтар Әбләзовтің қолма-қол ақшаға айналдырылған қаржысын жеткізіп беру схемасы туралы айтып берген болатын.

Аталған сот отырысының тағы бір тыңдалымында қашқын олигарх Мұхтар Әбләзовтің қаржылай құйтырқылықтары және оған ақшалай ірі соманы бергендігі туралы "Астана индекс" ақша айырбастау пунктінің кассирі Елена Тутик айтып берді.

Ал кәсіпкер, қаза тапқан қаржыгердің досы Яшар Латыев сотта куәгер ретінде жауап беру барысында 2003 жылы түрмеден шыққан Мұхтар Әбләзов Ержан Тәтiшевтен БТА Банктегi үлесін қайтаруды талап еткендігін айтып берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары