Министрліктер үйі жанынан табылған сөмкелер қоршауға себеп болды – Астана ІІД - Жаңалықтар | BNews

Министрліктер үйі жанынан табылған сөмкелер қоршауға себеп болды – Астана ІІД

19 ақпан, 16:05 1052 Астана
Министрліктер үйі жанынан табылған сөмкелер қоршауға себеп болды – Астана ІІД

Күдікті сөмкелер жол маңындағы автотұрақ жанында жатқан.

Астана ІІД  Қонаев пен Мәңгілік ел көшелері қиылысындағы "Нұрсая" тұрғын үй кешені аумағындағы қоршаудың себептерін түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz

"Күдікті екі әйел сөмкесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Олар жол бойынан алыс емес жерде жатқан. Мұндай хабарды алған жағдайда нұсқаулық бойынша біз міндетті түрде тексеруіміз керек. Тексеру барысында күдікті ештеңе табылған жоқ. Бұл біреулер қалтырып кеткен ескі екі сөмке болды. Біреуінің ішінде қағаз қоқыс болса, екіншісі бос шықты", - деп хабарлады Астана қаласы ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова.

Оның мәліметінше, арнайы мамандардың тексеруінен кейін, жол бойының осы аумағындағы жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қозғалысы сағат 14.24-те қалыпты жағдайға келтірілді.

Осыған дейін полиция Астананың сол жағалауындағы шағын аумақты қоршауға алғаны туралы хабарлағанбыз.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары