Министрліктер үйі жанындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді - Жаңалықтар | BNews

Министрліктер үйі жанындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

28 ақпан, 12:43 1331 Астана
Министрліктер үйі жанындағы ХҚКО жаңа мекенжайға көшеді

Жаңа кеңседе 50 көліктік автотұрақ орны бар.

Енді Астана қаласындағы Есіл аудандық ХҚО №1 бөлімі Мәңгілік ел даңғылы №30 үй мекенжайында ("Астана Банкі" ғимараты) қызмет көрсетеді. Бұған дейін бөлім "Санкт-Петербург" бизнес орталығында орналасқан болатын. 1 наурыздан бастап бөлім азаматтарды жаңа мекенжайда қабылдайды, деп хабарлайды BNews.kz

Жаңартылған бөлім екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта азаматтар электрондық қызметтерді алады. Мұнда келушілер жиырма үш орындық цифрлық қызмет секторының, бес қоғамдық қолжетімділік пунктінің, ЭЦҚ растау секторының, бейнежолдамаға арналған кабина мен бизнес аймақтың игілігін көре алады.

Сондай-ақ Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың цифрлық сауаттылықты көтеру бойынша тапсырмасына сәйкес, бөлімде оқу сыныбы орналасқан. Онда кез-келген азамат электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, elicense.kz, goszakup.gov.kz және тағы басқа порталдарда жұмыс істеу бойынша дәріс ала алады.

Екінші қабатта фронт-офистің жұмысшылары дәстүрлі қызметтерді көрсететін операциялық зал орналасқан. Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін 50 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған.

Мемлекеттік корпорацияның Астанадағы фронт-офистерінің мекенжайын естеріңізге саламыз:

Есіл аудандық №2 бөлім – Сауран көшесі, 7;

Алматы аудандық №3 бөлім – Достық көшесі, 13;

Алматы аудандық №4 бөлім – Күйші Дина көшесі, 29/1;

Алматы аудандық №5 бөлім – Қ.Сәтбаев көшесі, 25;

Сарыарқа аудандық №6 бөлім – Сейфуллин көшесі, 22;

Сарыарқа аудандық №7 бөлім - С409 көшесі, 13;

Сарыарқа аудандық №8 бөлім – Республика даңғылы, 43;

Мамандандырылған ХҚО – 20-40 көшесі, 2.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00-20.00 аралығында түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді. Есіл аудандық №2 бөлімі дүйсенбі-жұма сағат 24.00-ге дейін, ал сенбі – 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары