Министрліктер үйінің маңынан табылған сөмкенің иесі анықталды - Жаңалықтар | BNews

Министрліктер үйінің маңынан табылған сөмкенің иесі анықталды

22 ақпан, 16:10 1456 Астана
Министрліктер үйінің маңынан табылған сөмкенің иесі анықталды

Ер адам бейнебақылау камераларының көмегімен табылған.

Полицейлер ІІД ШБО бейнебақылау камералары арқылы Мәңгілік ел мен Достық көшелерінің қиылысында қалдырып кеткен сөмкенің иесін анықтады, деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

"28 жасар ер адам тастап кеткен сөмкені автокөлікті тұраққа қойғаннан кейін қайта алып кетпек болғанын айтқан", - делінген таратылған мәлімдемеде.

Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі жүргізішінің жол жүру ережесін бұзғанын тіркеді. Ол ҚРӘҚБК-і бойынша 597 бабы (көше қиылысы ережесін немесе жолды кесіп өтуді бұзу) және 595 (маневр жасау ережесін бұзу).

Еске сала кетейік, күдікті сөмке бүгін сағат 9.40-та Мәңгілік ел мен Достық көшелерінің қиылысында анықталған.

Тура осындай оқиға 19 ақпан күні Министрліктер үйі маңында орын алған еді. Күдікті сөмкелер жол маңындағы автотұрақ жанында жатқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары