Мұхамедиұлы Денис Теннің туған туыстарына көңіл айтты

19 шілде, 2018, 19:12 3173 Астана
Мұхамедиұлы Денис Теннің туған туыстарына көңіл айтты

Бұл өте қорқынышты, әрі әділетсіз, деп атап өтті ведомство басшысы.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпида ойындарының қола медаль жүлдегері Денис Теннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Денис Тен – мәнерлеп сырғанаудың мықты шебері, біздің спорттың аңыз адамы, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан қайтыс болды. Ол 25 жасқа енді ғана толып еді. Бұл өте қорқынышты, әрі әділетсіз. Ата-анасы үшін үлкен қайғы және Денисті жақсы көретін және сыйлайтын барлық адамдар үшін орны толмас қаза.

Бір ай бұрын ғана Астанада "Денис және оның достары" атты мұзды шоу өткен еді. Оған мәнерлеп сырғанаудың барлық беделді тұлғалары қатысқан еді. Мұзды шоу Астанаың 20 жылдығына арналған болатын. Сонда барлығы Денисті келе жатқан туған күнімен құттықтап еді. Ал бүгін біздің "алтын ұлымыз" жоқ болды. Денис автокөліктің айнасын ұрламақшы болған ұрлықшылардың қолынан қаза тапты. Қаскөйлер салған пышақтың кесірінен, өте көп қан кетті. Шұғыл операция жасалды. Біз соңына дейін, оның амандығын тілеумен болдық. Өкінішке орай, ол қайтыс болды.  

Біз, әрине, Денистің ата-анасына барлық көмекті көрсетеміз, алайда оны ешкім қайтара алмайды.

Мен оларға шынайы қайғырып, көңіл айтамын. Мықты болыңыздар, Орны толмас қаза. Иманды болсын!", - деп жазды өзінің FACEBOOK-тегі парақшасында Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: